Мойынқұм: Бірлік ауылында «Ихсан» тақырыбында тағылымды уағыз өтті

Мойынқұм: Бірлік ауылында «Ихсан» тақырыбында тағылымды уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік ауылдық «Бірлік»  мешітінде жамағатқа арналған «Ихсан» тақырыбында уағыз айтылды. Уағыз барысында ихсан ұғымының мәні мен оның мұсылман өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді.

Мешіт имамы ихсан – әрбір істі шынайылықпен, адал ниетпен және Алланы көріп тұрғандай орындау екенін атап өтті. Сондай-ақ, қоғамда ізгілік, сабыр, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Шараға жиналған ауыл тұрғындары рухани азық алып, уағыздың тәрбиелік мәні жоғары болғанын атап өтті. Мұндай діни-танымдық кездесулер ел ішінде имандылықты арттырып, бірлікті бекемдей түсетіні айтылды.

Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: