Мойынқұм: Қарабөгет ауылында дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталды

Мойынқұм: Қарабөгет ауылында дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарабөгет ауылында ел бірлігін нығайтуға бағытталған тағылымды шара өтті. Ауыл мешітінің молдасы жамағатқа арнап дін мен ұлттық дәстүрдің өзара сабақтастығы туралы уағыз жүргізді.

Уағыз барысында имандылық, үлкенді құрметтеу, ата-анаға сыйластық, салт-дәстүрді сақтаудың маңызы кеңінен айтылды. Молда ислам дінінің қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптарымен үндес екенін атап өтіп, жастарды ұлттық құндылықтарды ұмытпауға шақырды.

Жиынға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер қоғамда рухани тәрбие мен мәдени сананы арттыруға оң ықпал ететіні айтылды.

Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: