Дін – адам баласын екі дүниенің бақытына бастайтын тура жол. Ол әрбір пенденің іс-әрекетін қайырымдылық пен ізгілікке бағыттап, фәни өмірін мәнді де сауапқа толы өткізуге жетелейді. Өйткені ақыретке қажетті негізгі қағидалар тізбегін адамзатқа тек дін ғана үйрете алады.
Осы маңызды сенім мәселесін кеңінен түсіндіру мақсатында Қордай ауданында «Дін, иман, иман шарттары» тақырыбында тағылымды семинар өтті. Іс-шара Қордай аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен, әйел-қыздар жамағаты мен аудан ұстаздарының қатысуымен өткізілді.
Семинар барысында иманның маңызы, сенім негіздері, мұсылманның өміріндегі имандылықтың рөлі жан-жақты түсіндіріліп, жиналған қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берілді. Кездесу ғибратқа толы, рухани тағылымды басқосу болды. Алла Тағала баршамызға Өз жолында шынайы иманмен амал етуді нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

