Қордай: Ризабек Батталұлы Қордай жамағатымен дидарласты

Қордай: Ризабек Батталұлы Қордай жамағатымен дидарласты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шынайы адам – сенімге лайық, қоғамда құрметке ие тұлға. Ал өтірік айту – адамды иманнан алыстатып, жүректегі нұрды өшіреді. Шынайылық – тек сөздегі емес, өмір салтындағы қасиет.

Отбасында, достықта, саудада, қызметте шыншыл болған адам қоғамның сенімін арттырады. Шынайылық бар жерде әділдік, тыныштық пен бірлік орнайды. Осы мазмұнда аудандық «Қордай» мешітінде НМУ ұстазы Ризабек Батталұлы жамағатқа «Исламдағы шынайылық» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Сондай-ақ, қадірлі ақсақалдар тарапынан ақ баталар берілді. Жиын соңында қонақтар мен жамағат ақ дастарқан басында бас қосып, рухани сұхбат жалғасты. Баршамызға Алланың қалауымен шынайы мұсылман болуды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: