Қордай: «Сабыр түбі — сары алтын»

Қордай: «Сабыр түбі — сары алтын»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сабыр — адам баласын кемелдікке бастайтын ең асыл қасиеттердің бірі. Бұл — Жаратушы тарапынан адамға берілген, өмір сынақтарынан сүрінбей өтуге көмектесетін құнды нығмет.

Сабырды бойға сіңіріп, оны күнделікті өмірде қолдана білу — үлкен рухани еңбек. Осы игі қасиетті дәріптеу мақсатында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде Хибатулла мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы жамағатқа арналған уағыз-насихат өткізді.

Кездесу барысында сабырдың мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, жамағаттың сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді. Кездесу соңында ақ дастарқан жайылып, жамағат рухани тағылымға толы басқосуда өзара пікір алмасып, бірлікті бекемдеді. Осындай тағылымды кездесулер жалғасын таба берсін! Алған біліміне амал ететін, сабыр мен көркем мінезді өмірлік ұстаным еткен мұсылмандар көбейе бергей!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: