Қордай: Сортөбе мешітінде айлық дастарқан жайылды

Қордай: Сортөбе мешітінде айлық дастарқан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мұсылман баласы – қоғамның ұйытқысы әрі бірліктің бастамашысы болуы керек. Өйткені Жаратушымыз қасиетті Құран Кәрімде: «Бірігіңдер, бөлінбеңдер…» деп ескерткен.

Кімде-кім өзі өмір сүрген ортасының тыныштығын сақтауға, соған қызмет етуге үлес қоссa, жақсылықта жәрдем етуші болады». Осы игі сөздердің аясында Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық округіндегі «Сортөбе» мешіті асханасында, қадірлі қонақ НМУ ұстазы Ризабек Батталұлы, аудан бас имамы және өңірлік имамдарға арнап арнайы айлық дастарқан жайылды.

Қонақтарға құрмет көрсетіп, кең пейілді қонақжайлылық танытқан дүнген бауырларымыз игі ісімен көпшілікке үлгі болды. Алла Тағала баршамыздың ізгі амалдарымызды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: