Қордай: Тәуелсіздік құрбандарына Құран бағышталды

Қордай: Тәуелсіздік құрбандарына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам – бейбітшілікті ту еткен, адамзатты бірлік пен татулыққа үндейтін кемел дін, имандылықтың алтын ұясы. Осындай құндылықтарды арқау еткен қасиетті дініміз елдің тұтастығы мен қоғамның тұрақтылығының тірегі болып табылады. Бейбітшілік пен бірліктің ордасына айналған еліміз үшін ең қастерлі мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні.

Бұл күн – әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен елдік рухты оятатын, өткенге тағзым жасап, болашаққа үмітпен қарауға жетелейтін айрықша мереке. Осы айтулы күнге орай Қордай ауданы, Әлжан ана ауылының «Құдайберген» мешіті имамы Саламат Салімұлының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік құрбандарына арнап Құран хатым бағышталды. Игі шараға ауыл ақсақалдары, жамағат, жастар мен тұрғындар қатысып, ел мен жер үшін қызмет еткен ардақты азаматтарды еске алып, дұға жасады.

Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпаққа елдік рух пен отансүйгіштік тәрбиесін сіңіріп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайта түсетіні сөзсіз. Алла Тағала баршамыздың амалдарымызды қабыл етіп, мұраттарымызды асыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: