Қайтыс болған кісілерді жақсылықпен еске алу – мұсылман баласының асыл міндеті. Марқұм иманды пенде болсын, күнәһар болсын, оларды игі сөзбен еске алып, дұға жасап, Құран оқу — сауапты әрі пайдалы амалдардың бірі.
Бұл жөнінде Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Өлген кісілеріңізді жақсылықпен еске алыңдар», – деп өсиет еткен. Осы өнегелі өсиетті негізге алған игі бастама Қордай ауданында кең көлемде жүзеге асуда.
Аудан бойынша әйел-қыздар жамағатының ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен қасиетті ай аясында Құран хатым оқу шаралары жүргізілуде. Бұл игі амал арқылы жамағат марқұмдардың рухына бағыштап Құран оқып, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы, береке-бірлік үшін дұға жасауда.
Мұндай шаралар қоғамдағы рухани байланысты күшейтіп, ізгілікке жетелейді. Алла Тағала баршамыздың Өз разылығы үшін жасаған құлшылықтарымызды қабыл етіп, ниеттерімізге береке берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



23 Қаңтар 2026
4 Шаабан 1447

