Қордайда «Өзіңді өлімге тастама» тақырыбында семинар өтті

Қордайда «Өзіңді өлімге тастама» тақырыбында семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өмір – адам баласына берілген ең басты құндылық. Адам баласы Алла Тағаланың сыйлаған ғұмырының әр сәтін бағалап, оны ізгі амал жасауға берілген үлкен мүмкіндік деп түсінуі қажет.

Себебі адамға берілген өмір — баға жетпес аманат. Сол аманатты мәнді де сәнді етіп өткізу әрбір пенденің өз қолында. Осы тақырып аясында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Рысбекұлы аудандық полиция қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, заң қызметкерлеріне мазмұнды насихат айтты.

Кездесу барысында адам өмірінің қасиеті, жауапкершілік, сабыр мен үміттің маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, тараптар бұл маңызды мәселені халыққа кеңінен жеткізу үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Баршамызға амандық пен саулық, елімізге тыныштық, жұртымызға береке-бірлік, ал ұрпағымызға иман мен ибалық нәсіп болғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: