Қордай: Мұқтаж жандарға қол ұшы берілді

Қордай: Мұқтаж жандарға қол ұшы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақаның ең абзалы – мал-мүліктен берілгені», – деп, үмбетін әрдайым қайырымдылыққа үндеген.

Осы өнегелі өсиетті ту еткен игі шара Қордай ауданы, Әлжан ана ауылының «Құдайберген» мешітінде жүзеге асты. Мешіт имамы Саламат Салімұлының ұйымдастыруымен, жомарт жандардың қолдауымен ауылдағы бес мұқтаж отбасыға бір тоннадан көмір үлестірілді.

Бұл қайырымды іс қыс мезгілінде мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты нығайта түсті. Садақаға үлес қосқан барша азаматтардың игі амалдарын Алла Тағала қабыл етсін, жақсылықтары еселене берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: