Қордай: Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Сортөбе мешітінде тағылымды насихат айтты

Қордай: Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Сортөбе мешітінде тағылымды насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылындағы «Сортөбе» мешітінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлының қатысуымен тағылымды уағыз-насихат кеші өтті.

Кездесу барысында ұстаз «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кеңінен сөз қозғап, Құран Кәрімдегі мүтәшабиһ аяттарды тікелей әрі үстірт аудару дұрыс еместігін, мұндай аяттардың мағынасын түсіндіруде әһли сүннет ғұламаларының еңбектеріне сүйену қажеттігін жан-жақты түсіндірді. Алла Тағаланы ұлықтау мәселесінде жауапкершілік пен ілімнің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ жамағат тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға нақты әрі пайдалы жауаптар беріліп, қатысушылар рухани әсер алып тарқасты. Осындай игі шараның ұйымдастырылуына жиналған көпшілік ризашылық білдірді. Баршамыздың иманымыз кәміл, амалымыз қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі p>

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: