Қордай: «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазына құрмет көрсетілді

Қордай: «Нұр-Мүбарак» университетінің ұстазына құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абай хәкім: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», – деп айтқанындай, адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің қалыптасуында оны тәрбиелеген ұстаздың орны айрықша.

Осы орайда Қордай ауданында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлына құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Қабылтай Танат қадірлі қонақты жылы жүзбен қарсы алып, «Ауданымызға қош келдіңіз!» деген ізгі лебіздерін білдірді.

Кездесу барысында ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны, жастар тәрбиесіндегі рөлі және діни ағартушылық бағыттағы жұмыстар жайында пікір алмасу өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: