Бірде бір сахаба Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Уа, Алланың елшісі! Ең абзал амал не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан да қайырлы», – деп жауап берген.
Осы хадисті негізге ала отырып, Отанның қадір-қасиетін түсіндіру мақсатында Қордай ауданы, Отар ауылы «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мешітінің имамы Рахат Рахимбердиев «Қарасай батыр» дивизиясының Арт бригадасында әскери қызметкерлермен тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам жауынгерлерге Отанды қорғаудың сауапты іс екенін, өмірдің қадірін білу, өз-өзіне қол жұмсаудың ауыр зардаптары және сабыр мен үміттің маңызы жайында насихат айтты. Баршамыздың иманымыз берік, отбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

