Қордай: Құран қариларын даярлау орталығы зиярат етілді

Қордай: Құран қариларын даярлау орталығы зиярат етілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) былай деген: «Қиямет күні Құран келіп: «Уа, Алла! Құран оқушыны көріктендір» дейді, сонда оған құрмет тәжі кигізіледі. Кейін Құран: «Уа, Алла! Оны одан сайын арттыр» дейді, сонда оған құрмет киімі кигізіледі.

Сосын Құран: «Уа, Алла! Оған разы бол» дейді, сонда Алла оған разы болады. Бұдан кейін Құран оқушыға: «Оқы және биіктей түс» делінеді. Ол оқыған әрбір аят үшін сауап жазылады». Осы игі хадисті негізге ала отырып, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылындағы «Қордай» Құран қариларын даярлау орталығын зиярат етті.

Зиярат барысында орталық ұстаздарымен танысып, оқу жүйесімен танысты. Сонымен қатар, өзара білім алмасып, тәжірибе бөлісуге арналған пайдалы әңгіме-дүкен өтті. Мұндай кездесулер қасиетті Құран қызметін жандандыруға, жас қарилардың білімін жетілдіруге үлкен үлес қосатыны атап өтілді. Алла Тағала Құран жолындағы барша еңбекті қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: