Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзгелерге деген жанашырлығы жайында: «Алла Елшісі өмірінің соңына дейін үш күн қатарынан тойып тамақ жеген емес. Қаласақ, тойып жеуге мүмкіндігіміз бар еді.
Алайда біз өзгенің қажетін өзімізден артық қоятын едік», – деп өсиет қалдырған. Осы ұлы сүннетті үлгі еткен игі іс Қордай ауданы, Әлжан ана ауылының «Құдайберген» мешітінде жалғасын тапты. Мешіт имамы Саламат Салімұлының ұйымдастыруымен ауылдың учаскелік инспекторымен, сондай-ақ ауыл жастары қоғамының белсенділерімен бірлесе отырып қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шара барысында бес отбасыға азық-түлік қоржыны, сондай-ақ денсаулығы шектеулі екі баласы бар екі отбасыға ойыншықтар мен қаржылай көмек көрсетілді. Бұл – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыра түскен тағылымды іс болды. Осындай ізгі амалдар көп болғай. Алланың жәрдемімен жақсылық пен береке орнай берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

