#Мойынқұм: Айдарлы ауылында уақып тақырыбында насихат айтылды

#Мойынқұм: Айдарлы ауылында уақып тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Асыл дініміз Исламда садақа жасау ұлы құлшылықтардың бірі. Сол қайырымдылық  атаулының бірі уақып деп аталады.

Айдарлы ауылындағы «Кеңес» мешітінде мешіт имамы Бақытбек Елеубаев жамағатқа арнап уақып туралы тағылымды насихат айтты. Уағыз барысында уақыптың исламдағы орны мен маңыздылығы, оның сауапты әрі қоғамға пайдалы амал екені кеңінен түсіндірілді.

Имам мешіт, медресе және өзге де игілікке арналған нысандарға уақып жасаудың ата-бабадан жалғасқан ізгі дәстүр екенін атап өтіп, жамағатты қайырымды істерге үлес қосуға шақырды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: