Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде бас имамның Азамат Берікұлы ауыл имамдарына арналған «Уақып қоры» турасында семинар-дәріс өткізді. Жиынға ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттердің имам-молдалары қатысып, уақып жүйесінің мәні мен қазіргі қоғамдағы маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.
Семинар барысында бас имам уақыптың қоғамға тигізетін әлеуметтік және рухани пайдасына тоқталды. Сонымен қатар мұсылман өркениетінде уақып мекемелері арқылы білім, денсаулық, қайырымдылық, жол салу, мешіттерді күтіп-ұстау секілді салалар дамығанын атап өтті.
Бас имам ауылдық имамдарға уақыпты дамыту — мешіттің тек рухани ғана емес, әлеуметтік салада да белсенді болуына жол ашатынын атап көрсетті. Сондай-ақ ауыл мешіттері деңгейінде шағын уақып бастамаларын жолға қою, жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

