#Мойынқұм: «Қарабөгет» мешітінде «Дәстүрді сақтау» тақырыбында тағылымды насихат айтылды

#Мойынқұм: «Қарабөгет» мешітінде «Дәстүрді сақтау» тақырыбында тағылымды насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәстүр – адам өмірінде рухани бағыт-бағдар беретін басты құндылықтар десек, дін адамды рухани кемелденуге, әділдік пен адалдыққа шақырады. Осы тақырыпта Қарабөгет ауылының «Қарабөгет» мешітінде имам Арсен Құлтаев жамағатқа арнап дәстүрді ұстану жайында тағылымды уағыз айтты.

Насихат барысында ол дін мен дәстүр ұғымдарының бір-бірінен ажырамас, егіз құндылық екеніне ерекше тоқталды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтау – имандылықтың көрінісі, ал дәстүрді құрметтеу қоғам бірлігін нығайтатын маңызды фактор екенін атап өтті.

Уағыз жамағатқа ой салып, дін мен дәстүрді қатар ұстанудың мән-маңызын терең түсінуге ықпал етті. Кеш соңында көпшілік имамға алғыстарып білдірді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: