Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай Қарабөгет ауылындағы «Қарабөгет» мешітінде жамағатқа арнап пәтуа сағатын өткізді. Кездесу барысында қазіргі қоғамда жиі кездесетін мүлікті банк арқылы сату мәселесі шариғат тұрғысынан жан-жақты түсіндірілді.
Бас имам бұл мәселеде адалдық қағидалары, пайыздық қатынастар және келісім-шарттың ашықтығы басты назарда болу керектігін атап өтті. «Кәсіпкер банк арқылы тауарын сатқаны үшін банкке белгілі бір мөлшерде комиссия беруіне болады. Бірақ төлем карталары арқылы сатып жатқан саудагердің тауар құны нарықтағы бағадан аспауы шарт» - деп жамағаттың көкейіндегі сұрақтарға нақты жауап берді.
Пәтуа сағаты түсіндіру мен пікір алмасу форматында өтіп, жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

