Меркі: Имамдарға арналған «Пәтуа сағаты» семинары өтті

Меркі: Имамдарға арналған «Пәтуа сағаты» семинары өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы  имамдарына арналған «Пәтуа сағаты» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында пәтуалардың қоғамдағы орны, сондай-ақ жамағатқа дұрыс әрі бірізді түсіндірудің маңыздылығы кеңінен сөз болды.

Іс-шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жарық көрген  «Пәтуалар жинағы» кітабы арнайы насихатталды. Аталған еңбекте ғибадат мәселелері, отбасылық қатынас, сауда-саттық, қоғамдық және заманауи сұрақтарға қатысты берілген пәтуалар топтастырылғаны атап өтілді.

 Кітапты имамдардың күнделікті қызметінде, жамағат сұрақтарына нақты әрі дәлелді жауап беру үшін тиімді құрал ретінде пайдалану жолдары түсіндірілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: