Мешітте жастар жамағатына арналған «Жастар және Отан» тақырыбында тағылымды насихат айтылды. Кездесу барысында мешіт ұстазы Еламан Бақытханұлы елге қызмет ету, Отанды сүюдің имани негіздері, ата-баба аманатына адал болу, білім мен тәрбие арқылы қоғамға пайда келтіру жайында кеңінен сөз қозғады.
Насихат барысында жастардың жауапкершілігі, отансүйгіштік қасиеттің дініміздегі орны, бейбітшілік пен бірлікті сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді құндылықтар атап өтілді. Сонымен қатар, адал еңбек ету, білім алуға ұмтылу және ұлттық дәстүрді қадірлеу – нағыз мұсылман жастың келбеті екені айтылды.
Игі басқосу жастардың рухани дүниесін байытып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

