Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде жыл қорытындысына арналған маңызды жиналыс өтіп, бас имам Азамат Берікұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Жиналысқа барлық ауылдық мешіттердің имам-молдалары қатысып, діни бағыттағы іс-шаралардың нәтижелері мен көрсеткіштері жан-жақты талқыланды.
Жиынның барысында — өткен жылғы жұмыстарды қорытындылап, келесі жылға арналған маңызды бағыттар мен тапсырмалар берілді. Бас имам өз сөзінде жыл бойы атқарылған негізгі іс-шараларды атап өтті: жұма намаздары мен уағыздар, Құран сабақтары, жастарға бағытталған рухани-тәрбиелік шаралар, қайырымдылық және әлеуметтік көмек акциялары, сондай-ақ мешіт ғимаратының жөндеу-қызметтері.
Жиын соңында бас имам барша діни қызметкерлерге алдағы жылы да ынтымақ пен жауапкершілікпен қызмет етуге шақырып, елдің рухани тұтастығын сақтауда имамдардың рөлі ерекше екенін атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



20 Желтоқсан 2025
29 Джумада-сани 1447

