"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ” МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

"ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ” МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шәкірттермен ашық сабақ өткізілді. Шараға оқу орнының 1, 2, 3 курс студенттері қатысып, ел тарихындағы маңызды кезеңдер жөнінде мазмұнды дәріс тыңдады.

Арнайы сабаққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен медресе-колледж директоры Жарбол Болатұлы қатысты. Бас имам өз сөзінде Тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін баға жетпес құндылық екенін атап өтіп, егемен ел болудың жауапкершілігі мен оның бүгінгі ұрпаққа жүктеген аманатына тоқталды. Сондай-ақ тәуелсіздіктің діни еркіндік пен рухани жаңғыру жолындағы маңызы кеңінен сөз етілді.

Ашық сабақ барысында ұстаз Данияр Қарымсақов Қазақ хандығының құрылуынан бастап, ел басынан өткен қилы кезеңдер, азаттық жолындағы күрес, Желтоқсан оқиғасы және 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде жариялануына дейінгі тарихи белестерді жүйелі түрде баяндады. Әрбір кезеңнің мәні мен маңызы түсіндіріліп, елдік сана мен отансүйгіштік рухты қалыптастыруға баса назар аударылды.

Шара соңында шәкірттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәуелсіз елдің болашағы үшін білім алып, елге адал қызмет етудің маңызын түсінгендерін жеткізді. Тағылымды сабақ жастардың тарихи санасын нығайтып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды.

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: