Қарабөгет ауылының «Қарабөгет» мешітінде Арсен Құлтаевтың жетекшілігімен пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Жиын барысында имам жамағатқа тал егуге қатысты шариғаттағы үкімдер мен оның сауапты амал екендігі жөнінде кеңінен түсіндірме берді.
«Бір тал кессең, он тал ек» деп қазақ мақалында айтылғандай табиғатты сақтау, ағаш отырғызу секілді ізгі істердің исламдағы орны жоғары екенін атап өтіп, әрбір мұсылманның туған жердің көркеюіне үлес қосуы – үлкен сауап әрі жауапкершілік екенін жеткізді.
Пәтуа сағаты жамағаттың сұрақ-жауап түріндегі еркін пікір алмасуымен жалғасты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



17 Желтоқсан 2025
26 Джумада-сани 1447

