МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ МҰРАЖАЙҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ МҰРАЖАЙҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің бір топ шәкірті Тараз қаласындағы Тарихи-өлкетану мұражайына арнайы зиярат жасады. Шәкірттерді оқу орнының директоры Жарбол Болатұлы мен оның орынбасары Исатай Оразов бастап барды.

Саяхат барысында музей қызметкерлері Жамбыл өңірінің көне жәдігерлерін, тарихи кезеңдер шежіресін кеңінен таныстырып, әр экспозицияның мән-маңызы туралы мазмұнды ақпарат берді. Жастар қазақ тарихындағы шешуші кезеңдер, батырлық дәстүр, рухани мұра жайында құнды мағлұмат алды.

Медресе-колледж басшылығы мұндай танымдық саяхаттар шәкірттердің білімін тереңдетіп, елдік сана мен рухани дүниесін байыта түсетінін атап өтті.

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі

               

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: