Тәуелсіздік күні қарсаңында «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде елге еңбегі сіңген ардагерлермен мазмұнды кездесу өтті. Жиынның мақсаты – жас ұрпаққа елдік пен ерліктің құндылығын ұғындыру, үлкендердің тәжірибесінен тағылым беру.
Кездесу барысында ардагерлер өз өмір жолындағы өнегелі оқиғаларымен бөлісіп, тәуелсіздікке жеткізген тарихтың ауыр да жауапты кезеңдері жөнінде әңгімеледі. Сондай-ақ жастарға тәртіп, білім, бірлік пен жауапкершілік туралы жүрекжарды кеңес айтып, елге қызмет етудің маңызын түсіндірді.
Шәкірттер ардагерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани және тарихи бағыттағы келелі ойлармен бөлісті. Жиын соңында оқу орнының басшылығы ардагерлерге құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.
«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі



17 Желтоқсан 2025
26 Джумада-сани 1447

