Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің бір топ шәкірті Тараз қаласындағы Тарихи-өлкетану мұражайына арнайы зиярат жасады. Шәкірттерді оқу орнының директоры Жарбол Болатұлы мен оның орынбасары Исатай Оразов, ұстаздар бастап барды.
Саяхат барысында музей қызметкерлері Жамбыл өңірінің көне жәдігерлерін, тарихи кезеңдер шежіресін кеңінен таныстырып, әр экспозицияның мән-маңызы туралы мазмұнды ақпарат берді. Жастар қазақ тарихындағы шешуші кезеңдер, батырлық дәстүр, рухани мұра жайында құнды мағлұмат алды.
Медресе-колледж басшылығы мұндай танымдық саяхаттар шәкірттердің білімін тереңдетіп, елдік сана мен рухани дүниесін байыта түсетінін атап өтті.
«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің баспасөз қызметі



17 Желтоқсан 2025
26 Джумада-сани 1447

