Айдарлы ауылындағы «Кеңес» мешітінде жамағатқа арналған насихат шарасы өтіп, онда уақып мәселесі кеңінен түсіндірілді. «Атадан қалған іс» тақырыбында өткен дәрісті мешіт имамы Бақытбек Елеубаев жүргізді.
Имам уақыптың тарихтағы орны мен бүгінгі қоғамдағы маңызына тоқталып, ата-баба жолынан жалғасып келе жатқан сауапты істердің бірі – мешіт, медресе секілді игілікке арналған нысандар салу, оларды күтіп ұстау екенін атап өтті. Ол мұндай аманаттың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы елдің рухани дамуына үлкен үлес қосатынын жеткізді.
Жамағат дәрісті ықыласпен тыңдап, уақыпқа қатысты сұрақтарын қойып, пайдалы пікір алмасумен жиын өз мәресіне жетті.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



17 Желтоқсан 2025
26 Джумада-сани 1447

