#Мойынқұм: Көкжелек ауылында пәтуа сағаты өтті

#Мойынқұм: Көкжелек ауылында пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көкжелек ауылындағы «Шопан ата» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағаты ұйымдастырылып, шараны имам Мадыханов Бақытжан жүргізді. Дәріс барысында ол мәсіге мәсіх тарту мәселесін шариғат тұрғысынан кеңінен түсіндірді.

Имам күнделікті өмірде жиі кездесетін бұл амалдың дұрыс орындалу шарттарын, жеңілдіктерін және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіндегі орнына тоқталып өтті.

Жамағат өз кезегінде көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты діни дәлелдермен жауап алды. Пәтуа сағаты пайдалы пікір алмасумен жалғасып, жамағаттың діни сауатын арттыруға ықпал етті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: