Қарабөгет ауылының «Қарабөгет» мешітінде Арсен Құлтаевтың жүргізуімен пәтуа сағаты өтті. Басқосу барысында имам жамағатқа құмар ойындарға тәуелді болудың қатері, оның адам өміріне, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсері жайында кеңінен түсіндірді.
Құмарлықтың адамды рухани жұтаңдыққа жетелейтінін, жұмыс, уақыт, денсаулық және қаражат секілді негізгі құндылықтарды қадірлей алмайтын деңгейге жеткізетінін атап өтті. Сонымен қатар, шариғаттағы үкімдер мен ғұламалардың пікірлеріне сүйене отырып, мұндай әдеттен аулақ болудың жолдары түсіндірілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Желтоқсан 2025
25 Джумада-сани 1447

