«Мойынқұм» мешітінде аудан имамдарының кезекті алқалы басқосуы өтіп, жиынға бас имам Ержан Көшкімбай жетекшілік етті. Бас имам өз сөзінде уақыптың мәні мен мұсылман қоғамындағы орнына кеңінен тоқталды.
Жиында мешіт, медресе және өзге де діни-рухани нысандарды тұрғызудың сауапты амал екені, сондай-ақ олардың елдің игілігі үшін қызмет ететін рухани орталыққа айналатыны атап өтілді. Аудан имамы дін мамандарына халық арасында уақып жөніндегі түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жиналыс соңы ортақ пікір алмасумен жалғасып, аудан имамдары уақып ісін дамыту бағытында өз ұсыныстарын айтты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Желтоқсан 2025
25 Джумада-сани 1447

