«Мойынқұм» мешітінде кезекті басқосуда ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай маңызды тақырыптардың бірі — неке және оның шариғаттағы орны туралы кең көлемді дәріс оқыды.
Ол некенің қоғамдағы орны, отбасының беріктігі, ерлі-зайыптылардың өзара міндеттері мен жауапкершілігі жөнінде жан-жақты түсіндіріп, имамдарға бұл тақырыпты халық арасында жиі насихаттаудың маңызын атап өтті.
Жиын барысында аудан имамдарына неке рәсімін дұрыс әрі шариғат талаптарына сай орындау, жастарға кеңес беру, отбасылық даулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


16 Желтоқсан 2025
25 Джумада-сани 1447

