Бірлік ауылындағы «Бірлік» мешітінде имам Серік Смаиловтың жетекшілігімен уақыпқа арналған насихат шарасы өтті. Дәріс барысында ол уақыптың исламдағы орны, сауапты амал ретінде маңызы мен тарихтағы үлгісі жөнінде жамағатқа кеңінен түсіндірді.
Имам мешіт, медресе және басқа да діни нысандарға уақып жасаудың қоғамға тигізетін пайдасын атап, әрбір мұсылманның аталған сауапты іске үлес қосуға шақырды.
Жиын жамағаттың сұрақ-жауап түріндегі белсенді қатысуымен жалғасып, пайдалы пікір алмасу арқылы қорытындыланды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


16 Желтоқсан 2025
25 Джумада-сани 1447

