Мойынқұм ауданындағы «Мойынқұм» мешітінде аудан имамдарының кезекті алқалы жиыны өтіп, бас имам Ержан Көшкімбай арнайы пәтуа сағатынжүргізді. Жиынның негізгі тақырыбы – қоғамда жиі көтерілетін және дінімізде күпірлікпен айқын тыйым салынған «Ішімдіктің зияны мен үкімі» мәселесі болды.
Пәтуа барысында бас имам ішімдіктің жеке адамға ғана емес, тұтас отбасына, қоғам тыныштығына, ұрпақ тәрбиесіне тигізетін кері әсерлерін терең тарқатып, шариғаттағы нақты үкімдерін түсіндірді. Сонымен қатар, мұндай кеселден сақтау жолдары, имамдардың халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Желтоқсан 2025
25 Джумада-сани 1447

