Қайырымдылық пен адамгершілікке үндейтін игі істер өңірімізде жалғасын табуда. «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдауымен бір ірі қара мал сойылып, оның еті мен қосымша азық-түлік салынған себеттер 15 отбасыға таратылды.
Игі шараға жалпы 180 000 теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Бұл — әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға көрсетілген маңызды көмек қана емес, қоғамды ізгілікке шақыратын өнегелі бастама болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


05 Қараша 2026
24 Джумада-авваль 1448

