Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысына қатысып, ІІ орын иеленді.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен имамдар қатысып, өз білімдері мен діни сауаттарын сынады. Тартысты интеллектуалды доданың қорытындысында Нұрлан Мұрат үздік нәтиже көрсетіп, 400 мың теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталды.
Сайыс қатысушылары діни білімді терең меңгеру, тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталғанын атап өтті. Жүлдегерлер мен қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Нұрлан Мұраттың бұл жетістігі – Жамбыл облысының имамдары үшін үлкен мақтаныш әрі елдегі діни қызметтің сапасын арттыруға қосқан үлесі болып отыр.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



05 Желтоқсан 2025
14 Джумада-сани 1447

