Тараз қаласында қолөнерді насихаттап, ұлттық мұраның жанашырына айналған DalaCrafts атты құмыра жасау орталығы мен аймаққа белгілі Sezim_Perfumes дүкені уақыпнама иегері атанды. Бұл мәртебе кәсіп иелерінің қоғамға ортақ сауапты іс жолында атқарған игілікті еңбегі мен қолдауын айғақтайды.
Арнайы рәсім барысында уақыпнаманы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Дәулет Ахметұлы табыстады. Ол кәсіп иелерінің ел игілігіне бағытталған бастамаларын құптап, ізгі істеріне береке тіледі.
Жергілікті кәсіпкерлердің осындай қайырымды қадамдары ұлттық құндылықтарымыз бен халқымызға тән жомарттық дәстүрін жандандырып, ел ішінде бірлік пен берекені арттыра түсетіні сөзсіз.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Желтоқсан 2025
15 Джумада-сани 1447

