ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы бойынша имамдар арасында шағын футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Биылғы додаға 12 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Ойындар кезінде командалар өз шеберліктерін паш етіп, тартысты матчтар өткізді. Жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, имамдар арасындағы бірлікті, бауырмалдықты нығайтуға арналған шара болды.

Турнир нәтижесі мынадай:
I орын – Меркі ауданы
Жеңімпаз командаға 100 000 теңге және теледидар табысталды.

II орын – «Һибатулла Тарази» мешітінің құрама командасы
Оларға 60 000 теңге және қабырға сағаты берілді.

III орын – Жуалы ауданы
Үшінші орын иегерлері 30 000 теңге және қабырға сағатына ие болды.

Сонымен қатар, қалған 9 командаға ынталандыру мақсатында 10 000 теңгеден сыйақы табысталды.

Турнир соңында ұйымдастырушылар мұндай спорттық шаралар имамдардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, өзара бауырмалдық пен достық қарым-қатынасты арттыратынын атап өтті.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: