Жат ағымның соңынан кеткен жастарым-ай!

Жат ағымның соңынан кеткен жастарым-ай!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Мені көп ойландыратын сұрақтардың бірі, жат ағымның құрбаны болған  - Қазақ жастары. Қазақ жастарына деген жанашырлық сезімім  күннен - күнге дерт шалғандай дірілдетіп барады. Сол еріксіз дүние қолыма қалам алып өз пікірімді жазуға түрткі болды. Қазіргі таңда әлемде діни және идиологиялық бағыттардың алуантүрлігіне, ұлттық тұтастыққа қауіп төндіретін  құбылыс – жат діни ағымдар. Жат ағымдар - дәстүрлі діндер  мен ұлттық құндылықтарға қайшы келетін, радикалды идеяларды насихаттайтын топтар мен ұйымдар.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде діни көзқарастар мен түрлі ағымдардың әсері күшейіп барады. Өкінішке орай соның салдарынан кейбір жастар өз дінінің түпкі негізін дұрыс түсінбей, жат ағымдардың соңынан еріп кетіп жатыр.   Бұл - тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың рухани қауіпсіздігіне төнген қатер.

     Жат ағым өкілдері жастардың сенімін, ізденісін пайдаланып, жалған уәде мен бұрмаланған түсініктер арқылы өз қатарларына тартады. Олар Ислам дінінің  шынайы  қағидаларын  бұрмалап ,өз мақсаттарына бейімдейді.Ал шын мәнінде  Ислам - бейбітшілік  пен мейірімнің ,бауырмалдық пен сабырдың діні . Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әрқашан бірлік пен ізгілікке үндеген. Мұндай ағымдардың басты мақсаты – адамдардың санасын  улап, өз идиологиясына бағындыру. Олар көбінесе жастарды алдап-арбау арқылы өз қатарына тартады.  Интернет пен Әлеуметтік желілер арқылы  жалған ақпарат таратып, дәстүрлі діндердің беделін түсіруге  тырысады. Жастардың жат ағымға еріп кетуінің  басты себептері -діни сауатсыздық, әлеуметтік қиындықтар  және рухани тәрбиенің  жетіспеушілігі. Сондықтан отбасы мен мектеп,қоғам мен мешіт бірлесе отырып ,жастарға дұрыс діни білім беру – бүгінгі күннің басты міндеті деп есептеймін

Әр жас өз дінін  сенімді жандардан, дерексөздерден үйреніп ,елінің дәстүрлі құндылықтарын құрметтеп өссе, ешбір теріс ағым оның санасын улай  алмайды. Өйткені  дініне берік  саналы, отансүйгіш ұрпақ - елдің ең үлкен байлығы .

Жат ағымның арбауына түскен жастарды айыптау емес ,оларға  дұрыс жол көрсету - бәріміздің борышымыз.Тек түсіністік пен білім арқылы ғана біз бұл қауіптің алдын ала аламыз.Жат ағымдардан қорғанудың ең тиімді жолы – білім мен парасат екендігіне толық көз жеткізіп отырмыз. Дін мен дәстүрді қатар ала отырып жастарымызды   қауіпттен қорғай аламыз. Бұл жерде ең басты мәселе жастардың ата -анамен бірлесіп, үлкендердің балаға көп уақыт бөлуінде деген ұсыныс жасағым келеді. Жастарымызды көрінгеннің жетегіне жібермей  ұлттық құндылықтармен тәрбиелеп, еліміздің болашағын ойлайтын, дінімізге берік ұрпақ тәрбиелеу  қоғамның басты міндеті деп ойлаймын. Жастарға сенім арта отырып, өз елін, дінін сүйіп  сенімді ақпарат көздерімен білім ауға тәрбиелеу. Бірлік пен имандылық -біздің қорғанымыз екеніне  жастарды толық сендіру. Сондықтан жастардың санасын сергек ұстап, рухани тәрбиеге баса мән беру баршамыздың ортақ парызымыз екендігін  дәлелдеп үлкен іс-шаралар, дін мен дәстүр туралы көптеген насихаттар жүргізуіміз қажет. Жастарға үлкен сенім артуымыз керек,

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Тайтелиев Нұрмұхаммед

Ақжол ауылдық мешітінің имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: