Меркі ауданы, Қостоған ауылы «Ботбай баба» мешітінде Құран оқуды үйренген жамағаттың құрметіне «Құран Раббыңнан келген өмірлік жолдама» атты рухани кеш өтті.
Игі іс-шараны ауыл имамы Омаралиев Қуанышбай құттықтау сөзімен ашып беріп, одан кейін «Әл-Карим» мешітінің имамы Алпысбаев Есболдың Құран оқуымен, аудан бас имамы Азамат Берікұлының дұға жасауымен жалғасын тапты.
Игі жиын барысында жамағаттың діни-білімін арттьыру мақсатында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып дұрыс жауап берген жандарға кітап және ақшалай сыйлықтар табысталды
Рухани шараға арнайы келген қонағымыз, елімізге белгілі ұстаз Жасұлан Жүсіпбеков жиналған жамағатқа «Құран рухани әлемнің есігі» тақырыбында Құран оқудың сауабы мен пайдасы турасында тағылымды насихат айтты.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары ақ тілегін айтып, ақ батасын беріп Қазақтың дәстүріне сай Жасұлан ұстаздың және «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікханның иығына шапан жабылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



03 Желтоқсан 2025
12 Джумада-сани 1447

