Меркі ауданы, Қостоған ауылы «Ботбай баба» мешітінде өткен «Құран – Раббыңнан келген өмірлік жолдама» атты рухани кешінде «Ұмра сапары» табысталды.
«Ботбай баба» мешітінде тұрақты түрде өтіп келе жатқан «Құран дәрістеріне» белсенді түрде қатысып, әр дәрістен қалмай, ықылас танытып жүрген жамағаттың бірі – Жайдар аға. Құран үйренудегі табандылығы мен дін жолындағы жауапкершілігін ескерген мешіт жамағаты оған қасиетті мекенге «Умра сапарын» тарту етті. Бұл – жамағат арасындағы ынтымақ пен рухани қолдаудың жарқын көрінісі болды.
Игі шара барысында басқа да Құран жаттап жүрген шәкірттер мен дәріске тұрақты қатысушылар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ олардың діни білімін арттыруына сеп болсын деген ниетпен бірнеше жамағатқа электронды Құран Кәрім табысталды.
Бұл шара Құранға деген сүйіспеншілікті арттырып, жамағатты білімге, ынтымаққа, ізгі істерге шақырудың тағы бір үлгісі ретінде өтті. Осы игі шараға атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



03 Желтоқсан 2025
12 Джумада-сани 1447

