Қордай: «Отбасы және кәсіп» тақырыбында семинар өтті

Қордай: «Отбасы және кәсіп» тақырыбында семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды» – деп өсиет еткен. Ал қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, иман еткендер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер.

Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа» – деп бұйырады. Осыған орай Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Самал мөлтек ауданында, әйел-қыздар жамағатына арналған «Отбасы және кәсіп» тақырыбында семинар өтті.

Шарада отбасы мен кәсіпті қатар алып жүрудің маңызы, адал табыс табудың жолдары және исламдағы кәсіптің орны туралы кеңінен ақпарат берілді. Кездесуге қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды. Алла баршамызды екі дүниенің тепе-теңдігін сақтаған жандардан етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: