Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы «Ботбай баба» мешітінің жұмысын зерделеп,ауыл имамы және мешіт жамағатымен жүздесті. Зерделеу барысында мешіттің жалпы қызметі, діни ағарту бағытында атқарылып жатқан шаралар, жамағатқа арналған тұрақты дәрістердің жай-күйі назарға алынды.
Бас имам мешітте жүргізіліп келе жатқан «Құран дәрістерінің» ұйымдастырылуын, сабаққа қатысып жүрген шәкірттердің білім деңгейін және оқыту әдістемесін көріп, оң бағасын берді. Сонымен қатар жамағатпен пікір алмасып, діни білімді күшейту, тәрбие бағытындағы жұмыстарды жүйелеу жөнінде сөз қозғады.
Зерделеу барысында мешіттің ішкі тәртібі, тазалығы, жамағатқа жасалған жағдайы да қарастырылып, бірқатар ізгі бастамаларды жалғастыру жөнінде ауыл имамына тапсырмалар берілді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



02 Желтоқсан 2025
11 Джумада-сани 1447

