ТАРАЗ: МЕШІТТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ТАРАЗ: МЕШІТТЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев Тараз қалалық Ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, жылдың басында Байзақ ауданынан қала аумағына қосылған бірқатар мешіттерді арнайы аралап шықты. Бұл сапардың мақсаты – құлшылық үйлерінің бүгінгі ахуалын бағдарлап, олардың тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысу еді.

Сапар барысында бас имам мешіттердің ішкі тазалығы мен сыртқы көрінісін, жамағатқа жасалған қолайлылық шарттарын, сондай-ақ имам-молдалардың қызмет барысын жіті бақылап, әрбір мешіттің қазіргі жағдайына тоқталды. Құлшылық үйлерінде атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен жамағатқа көрсетіліп жатқан қамқорлыққа оң бағасын берген Ержан Аманбаев жалпы ахуалға көңілі толатынын жеткізді.

Бас имам мешіт қызметкерлеріне жамағат игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарды одан әрі күшейтіп, Алла разылығы жолындағы ізгі істерді жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: