Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай: «Алла Тағала Құранмен біреудің дәрежесін арттырады, біреудің дәрежесін түсіреді», — дейді. Ертең Жәннаттағы орның да жаттаған аятыңа, сүреңе, параңа байланысты болады дейді. Өйткені: «Оқы да, көтеріле бер. Сенің Жәннаттағы орның соңғы оқыған аятында болады», — деді.
Мұсылман адамның өмірі Құранға байлануы керек және Алла бұйыртса Құранды жаттап бітемін деген ниет болуы керек. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында «Құран оқу» жарысы өтті.
Таласқа аудан мешіттері: «Қордай», «Рахман», «Құдайберген», «Сахаба», «Қаракемер 2» мешітері шәкірттері қатысты. Барша қатысушыларға алғыс айтылып, сый-сыяпат жасалды. Алланың кәләмін баршамызға оқуды, жаттауды және амал етуді Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

