Исламдағы алғашқы түскен бұйрықтардың бірі пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ей, бүркенген жан! Тұр, халыққа ескерт. Раббыңды ұлықта.
Киіміңді таза ұста» – деп ескертілуі тазалықтың адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін айқындайды. Дінімізде тазалыққа айрықша мән берілген, онсыз дінді елестету мүмкін емес. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінде ұстаз Малика Аханқызының ұйымдастыруымен нәзік жандылар мешітте тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мұсылман қауымы үшін ең бірінші кезекте тұратын мәселе – тазалық. Алла баршамызға жан мен тән тазалығын қатар ұстануды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

