Қордай: Аудан ұстаздарымен кездесу өтті

Қордай: Аудан ұстаздарымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иман – әйелдің ең үлкен байлығы. Иманды әйелдің сөзі де, өзі де сұлу, өйткені ол әрдайым ақылына жүгінеді. Әйел баласы – нәзік те төзімді жаратылыс. Алла Тағала оған табиғи сұлулық беріп қана қоймай, төзімділік пен қажыр сыйлады. Ерінің иманының толысып, нағыз ер болып қалыптасуына да әйелдің ықпалы зор. Осыған орай Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан ұстаздарының басқосуы өтті.

Жиын барысында жаңа оқу жылына жоспарлар талқыланып, міндеттер бөліп алынды. Сонымен қатар дәрістерге қатысушыларды ынтымаққа, білімге, ізгі амалдарға шақырудың тиімді жолдары қарастырылды. Алдағы уақытта ұстаздар жамағатты білімге баулып, имандылыққа тәрбиелеу бағытында бірлесіп еңбек етпек. Білімді, парасатты, мықты мұсылмандар көбейе берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: