Қордай: «Сағындырған Алла елшісі Мұхаммед» рухани кеші

Қордай: «Сағындырған Алла елшісі Мұхаммед» рухани кеші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам тарихындағы маңызды мерекелердің бірі – Мәуліт. Бұл атау араб тілінен «дүниеге келу», «туылу» деген мағыналарды береді. Мәуліт – адамзаттың ардақтысы, пайғамбарлардың сардары Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген қасиетті уақытына байланысты атап өтілетін күн.

Мәуліт мерекесі ислам тарихында бастапқы кезеңде болмағанымен, кейінгі дәуірлерде кеңінен таралды. Көптеген ғұламалар оны бидғат хасана – құптарлық жақсы жаңалық деп бағалап, мұсылман үмбетінің сүйіспеншілігі мен бірлігін арттыратын ізгі дәстүрге айналдырды. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде ұстаз Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Мәуліт кеші» өтті. Іс-шара қасиетті Құран аяттарымен басталып, жиналған жамағат рухани әсерге бөленді. Кеш барысында аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Жанұзақ Рысбекұлы Әнебеков әйел-қыздар жамағатына Мәуліт айының маңызы мен мазмұны жайлы насихат айтты. Сондай-ақ аудан әйел-қыздар ұстаздары Алла елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі мен сүннетін дәріптейтін уағыздар жүргізді.

Жиынға қатысушылар арасында тәрбиелік мәні бар ойындар ойнатылып, рухани шараның мазмұны байытылды. Іс-шара соңында барша атсалысқан жандарға алғыс айтылып, сыйлықтар үлестірілді. Алла Тағала баршамызды елшісін (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) сүйіп, оның сүннетін өмірімізде тірілткен құтты үмбеттен етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: