Қордай: “Әл-Хади” мешіті көлік тұрағы жөнделуден өтті

Қордай: “Әл-Хади” мешіті көлік тұрағы жөнделуден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай өңірінде сауапты істің сәулесі тағы бір рет байқалды. Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қарасу ауылындағы «Әл-Хади» мешітінің ауласы абаттандырылып, автотұрағы толықтай асфальтталды.

Бұл игі бастаманы мешіт имамы Жапеков Русланбек ұйымдастырып, ауыл тұрғындарының ортақ ниеті мен қолдауының нәтижесінде қасиетті орынның келбетіне жаңа тыныс берілді.

Жаңарған аула, тегістелген жолақтар – жамағатқа жасалған ыстық ықыластың, Алла үйін көркейтуге деген таза жүрек пен адал пейілдің белгісі. Осындай қайырлы іске үлес қосқан әрбір жанның садақалары қабыл болып, тілектері орындала берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: