Шу ауданының Бірлікүстем ауылында қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғаған мәнді шара өтті. Аталмыш мешіттің ұстазы Зейне Жанұзак ауыл әйелдер жамағатына ауыл арнап тәрбиелік мәні зор уағыз-насихат өткізді.
Шараның негізгі тақырыбы — әлеуметтік желіні қолдану мәдениеті, оның пайдалы және зиянды қырлары, сондай-ақ цифрлық тәуелділіктің алдын алу болды.
Дастархан жайылып, жиын кезінде ұстаз әлеуметтік желінің қазіргі өмірдегі орнына тоқталып, оныңәдебі, пайдалы тұстары, сондай-ақзиянды қырлары мен тәуелділікке әкелуі мүмкін қауіптерінжан-жақты түсіндірді.
Ауыл тұрғындары ұстаздың мазмұнды да мәнді сөзін ықыласпен тыңдап, жиын соңында сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



27 Қараша 2025
6 Джумада-сани 1447

